«Алтын күз»

      Осы жылдың да күз мезгілінің келуімен әдеттегідей 2015 жылдың              25 қыркүйегінде  Трофимовка мектебінде қызықты «Алтын күз» мерекесі өтті. Мерекеге 1-11 сынып оқушылары белсенді қатысты.

     Мерекенің басты қонағы сүйкімді де сымбатты Күз ханымы өз жұмбақтары мен сыйлықтарымен келді. Залда мерекелік көңіл-күй орнады. Балалардың өз қолымен істеген әдемі қабырға газеттері, табиғи материалдардан жасалған ерекше коллаждар,жемістер мен көкөністерден жасалған қызықты мүсіндер, салаттар көздің жауын алып қана қоймай, кейіннен балалардың ас мәзіріне де кірді. 

    Шараның бағдарламасында қабырға газеттері (коллаж) сайысы; күзгі дастархан жаю; шығармашылық номер және Күз ханшайымы мен ханзадасына киім әзірлеу.  Қабырға газеттері сайысында көптеген өсімдіктер мен жеміс-жидектерден жасаған ерекше коллаждарды 8-9 «А» және 2-4 «А» сыныптары көрсетті. Күзгі дастархан жаю сайысында көрермендер мен әділ қазыларды үстелдердің  барлығы дерлік таң қалдырды.  Дегенмен әділ қазылар  1-3 «А», 10-11 «Б» сыныптарының жайған дастархандарын ерекше атап өтті.  Барлық шығармашылық номерлер бағаланып, марапаттарға ие болды. 5-6 «А» сыныптарының  әзілкеш ұлдарының қызықты көріністері көрерменнің зор ықыласына ие болды.

      Күз мерекесі Күз Ханшайымдары мен Ханзадаларының шеруімен аяқталды. «Ең Өнерлі» номинациясында Рабе Д.( 8 «Б»), «Ерекше» номинациясында  Тункинова Р. (11 «А»)  және «Сүйкімді» номинациясында 1-3 «А сыныптарының екі Ханшайымы мен ханзадасы жеңіп шықты.