Кіру

Ұлылар үндестігі

 

2015 жылдың 18 қыркүйегінде тілдер онкүндігі аясында , қазақтың бас ақыны- Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына, орыс классик ақыны- А.С. Пушкиннің шығармашылығына арналған  Ұлылар үндестігі әдеби-танымдық кеші өтті. Кеш Абай мен Пушкиннің образындағы оқушылардың қатысуымен шағын театралдық көрініспен ашылды. Бағдарма барысында Абай мен Пушкинның аудармалары, әндері айтылды. Екі ел арасындағы достық дәнекері болған қос ғұламаның өмірі мен шығармашылығына арналған кеште қазақ тілі мұғалімі Маканова Айсана Ермековна және орыс тілі  мұғалімі Жумасанова Ажар Ермухамбетовна жүргізуші міндетін атқарды. Осы күнгі біз ұлылар есімін ыстық сезіммен еске алдық. «Ғалымның хаты, жақсының  аты өлмейді» дегенге тағы бір рет көз жеткіздік