Кіру

Педагогикалық еңбеқ ардагері Левченко Александра Анатольевна

 

60 жыл бұрын жас маман, орыс тілі мұғалімі Левченко Качир ауданының Покровка (Мухина) Александра Анатольевна Качир ауданының Покровка мектебінің табалдырығын аттады. Покровка мектебінде жұмыс істеген жылдары қызықтар мен қиындықтарға толы болды. Оқушылардың көпшілігінің жасы Александра  Анатольевнадан үлкен болғанымен оқуға деген ынталары жоғары, мұғалімнің әр сөзін ойына түйе отыратын. Покровка мектебінде 10 жыл жұмыс істеген соң оны Трофимовка мектебіне ауыстырды. Ерен еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.  Зейнетке шыққанға дейін Александра  Анатольевна осы мектепте жұмыс істеді. Өмірінің отыз жылдан астам уақытын мұғалімдік қызметке арнады.    

Еңбектен қажымайтын Александра  Анатольевна зейнетке  шыққан соң да он жылдай қоғамдық жұмыспен айналасты – Жана-Кұрылыс ауылдық округының Ардагерлер Кеңесін басқарды. Қарт адамдарды өз айналасына жұмылдыра білді. Әр адамның жанын жадырататын жылы сөздері, пайдалы кеңестері дайын тұрады. Тыл еңбеккерлерінің көпшілігінің куәландырушы құжаттарын рәсімдеуге көмегін аямады.  Оның ұсынысымен Трофимовка ауылында майданнан оралған Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін еске алуға арналған ескерткіш Стелласы қойылды.ҰОС қатысушылары мен тыл еңбеккерлері туралықұнды материал жинады. Сондай-ақ Александра  Анатольевна  «Родные напевы»украин фольклор тобын ұйымдастырып, басшылық етті. Оның еңбегі бағаланып, көптеген марапаттауларға ие болды.

Қазірдің өзінде Александра Анатольевна, қарттық шағында құр қол отырмайды. Үйінде үнемі әріптестері, көршілері қонақта болады. Бұрынғы оқушылары өздерінің қатал ұстаздарын ешқешен ұмытпайды – мерекелермен құттықтап, амандығын сұрап, кеңестерін сұрап, қодауына ие болып жатады. Өзінің  бар білгенін, адалдық қасиетін, терең ізеттілік шапағатын адамдарға төгеді.