Кіру

Материалдар

«Таңғажайып алаңы»

Көктемгі демалыста,  28 наурызда, мектептің демалыс жоспарына сай, жаратылыстану-математикалық мұғалімдері 5-9 сынып оқушыларына арналған «Таңғажайып алаңы» атты іс-шара өткізді.

 

Мақсаты:

  • - Оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндеріне қызығушылық арттыру
  • - Пән сүйгіштікті тәрбиелеу
  • - Оқушылардың талапкершілігін қалыптастыру

 

Ойын 3 тур, финал және суперойыннан тұрды. Әр кезеңге 1 пән сәйкес болды.

1 тур –географиядан сұрақ

2 тур –биологиядан сұрақ

3 тур –физикадан сұрақ

Финал –математикадан сұрақ

Суперойын –химиядан сұрақ

 

Барлық балалар ойынға белсенді қатысты, қойылған сұраққа жауап берді. Ойын соңында барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.