Кіру

Біздің жетістіктер

«Бірлікте біздің күшіміз» атты аудандық форумға

Трофимовка ЖОМ-нің «Жас ұлан»

 балалар мен жасөспірімдер көбасшыларының қатысуы

        4 наурыз күні балалар мен жасөспірімдер бірлесітігі «Бірлікте біздің күшіміз» атты аудандық форум өтті. Форумға ауданның 17  мектебі қатысты.

       Форумның мақсаты мен міндеті: Қазақстан Республикасының жас ұрпағын белсенді өмір сүруге талпындыру, балалар мен жасөспірімдердің ойларын қолдау және жүзеге асыруға мүмкіндік жасау.

Біздің топ  9 адамнан құралды:Сейтахмет Әсет, Кабильдинова Аида, Ербол Когершін, Макин Арыстан, Қимайден Алмат, Қалау Дастан, Манапова Сания, Шайкенова Айгерим. Өзіміздің шығармашылығымызда біз жасұландардың әрекетінің маңызын аша білдік, азаматтық көзқарасымызды жеткіздік, сонымен қатар мектеп газеті «Мектеп айнасы» жайлы айтып өттік, газет 2012 жылдан бастап шығуда, аудан және облыс бойынша нәтижесі бар.

       Оқушылар өздерінің дарындықтарын, шығармашылықтарын, кшбасшылық қасиеттерін сахнада көрсете білді. Осы қасиеттердің арқасында біз әділ-қазылардың жоғары ұпайларына ие болдық.

«Бірлікте біздің күшіміз» атты аудандық форумда  «Жас Ұлан» БЖҰ ІІІ орын алғаны үшін марапатталды.

«Мектеп айнасы» газетінің редакторы Сейтахмет Алдияр «Жас Ұлан» БЖҰ жұмысына белсене қатысқаны үшін мадақтамен мараптталды.

Қашыр ауданының балалар әрекетін дамытуда белсенділік танытқан үшін Аға оқытушы Приймак Л.Т. алғыс хатпен марапатталды.

«Бүлдіршін» сайысы
2015 жылдың 30 сәуір Қашыр ауданында өткен «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына» орай бүлдіршін сайысына Трофимовка ауылының Балбөбек шағын орталық атынан «Сарбаздар» биімен, біздің кішкентай ғана бүлдіршіндеріміз үшінші орынды иеленді. Конкурсқа жеті бала қатысты.

Жолдастық кездесу

Мамыр айының 15-і күні сағат 12:00-де Трофимовка жалпы орта білім беру мектебінің спорт алаңында 4, 7 сынып оқушылары арасында «Достық» Президенттік көпсайысынан мектеп аралық жарыс өткізілді. Оған Коммунар ЖББОМ, Трофимовка ЖОББМ, Тегістік ЖББОМ – нен 23 оқушы қатысты.
Жарыс Президенттік сынақ түрлері бойынша өткізілді. Мектептің спорт нұсқаушысы Капкенов Д.Ж. жарысқа қатысушыларды жарыстың өту тәртібімен және төрешілермен таныстырып өтті. Оқушылардың жеңіске жетуге деген ынтасының жоғары болуы жарыстың тартысты өтуіне жағдай жасады. Көрермендер өз командаларының мүшелеріне белсенді түрде жанкүйер болып отырды.
Тартыста өткен бәсекенің нәтижесінде 4 сынып ұлдар арасында Трофимовка мектебінен Рабе В. I-орын (Капкенов Д.Ж.), Тегістік мектебінен Рахимбек Ә. II-орын (Қизатов А:Қ.), Трофимовка мектебінен Калжапаров А. III-орын (Капкенов Д.Ж.) алды және 7 сынып ұлдар арасында Трофимовка мектебінен Жақсылық Р. I-орын (Капкенов Д.Ж.), Трофимовка мектебінен Корнеев К. II-орын (Капкенов Д.Ж.), Коммунар мектебінен Тлеубай Е. III-орын (Тункинов Б.Ж.) алды. Ал 4 сынып қыздар арасында Трофимовка мектебінен Шарипова А. I-орын (Капкенов Д.Ж.), Тегістік мектебінен Жакиева А. II-орын (Қизатов А.Қ.), Коммунар мектебінен Знайденко Г. III-орын (Тункинов Б.Ж.) алды және 7 сынып қыздар арасында Коммунар мектебінен Писегова А. I-орын (Тункинов Б.Ж.) алды.
Жалпы командалық есепте Трофимовка ЖОББМ I-орын (Капкенов Д.Ж.), Коммунар ЖОББМ II-орын (Тункинов Б.Ж.), Тегістік ЖОББМ III-орын (Қизатов А.Қ.) алды. Барлық оқушылар мадақталар мен медальдармен марапатталды.
Мектепте салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға баулу мақсатында мұндай іс-шаралар жие өткізіліп отырады. Мұндай жарыстар оқушылардың дене мәдениетін дамытуға, спорттың бұқаралық сипат алуына, түптеп келгенде халықтың денсаулық жағдайын жақсартуға игі әсер етеді деп ойлаймын.

Трофимовка ЖОББМ-нің спорт нұсқаушысы Капкенов Д.Ж.

 

Тоғызқұмалақ жетекшісі Б.С.Әбдірахман І орынға ие болды
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған педагогикалық қызметкерлерінің XV облыстық жазғы спартакиадасында аудандық құрама ерлер командалары арасындағы тоғызқұмалақтан І орынға біздің мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әбдірахман Берік Серікбайұлы ие болды.

Біздің мақтанышымыз
XV аудандық «Өз жұлдызыңды жақ» атты балалар шығармашылық фестивалінде жоғары дәреже І орынға біздің мектеп бишілер ұжымы ие болды. Бишілер ұжымы: Нурахметова Рахима, Нурахметова Аягөз, Қалау Дастан, Қимайден Алмат, Тункинова Риза,Сейтахмет Алдияр. Жетекшісі : Жумасанова А.Е.