Ата-аналарға ақпарат

Ата-аналарлға арналған тренинг

«Отбасы жылуы»

            Мақсаты:Ата-аналарға өздерінің қылықтарына есеп беруге көмектесу,бала тәрбиесіндегіжағымдыжақтарына  көп көңіл бөлуге, махаббат жағынан қөз қарату. Отбасы тәрбиесіндегі адамгершілік қаситтерді дұрыс қалыптастыруға көңіл бөлу.  

            Міндеті:

1.   Ата-аналарды  бала психикасының  дамуына  кері әсер ететін  тәрбие түрлерімен  таныстыру;

2.   Ата-аналардың  өз отбасындағы   берілетін тәрбиенің ерекшелігі туралы  ойландыру.

3. Ата-аналардың өздерін  сыртынан  байқай алуларын дамыту.

Ойын-активатор «Бір-біріне»

Сіздер қазір қимылдарды тез орындайтын өте қызықты ойын орындайсыздар. Өз жұбыңызды таңдап, қолыңызды беріңіз. Ал енді сіздерге  қай дене бөліктерімен «Амандасу керек» екенін айтамын. Ал мен бір-біріне дегенде, сіз жұбыңызды ауыстыру керек боласыз.

оң қол оң қолға!

Арқа-арқаға!

Бір-біріне!

Сан-санға!

Табан-табанға!

Бір-біріне!

Маңдай-маңдайға бір-біріне!

Жақ-жағына!

Тізе-тізеге!

Кішкене саусақ кішкене саусаққа!

Бір-біріне!шынтақ-шынтаққа!

         Болды! Рахмет! Отырыңыздар!

2. «Комплимент» жаттығуы.

            Әркім өзгелерге қандай да. Қатысушылар 2 шеңбер бойы тұрады. Тренердің айтуы бойынша, топтағылар жұптармен ауысып жүріп отырады. Әр бір жұптағы қатысушылар бір-біріне бір ұнамды сөз айтады .

Талдау: Жағымды сөздерді естігенде қандай күйде болдыңдар? Әсері қандай болды? Басқаға жағымды сөз айту жеңіл тиді ме?

3. Жағдаяттарды талдау

            1. Бала өте қатаң отбасында тәрбиеленді. Оған ата-анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, циркке де барып көрмеді. Ата-анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата-анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да, бірақ олардан бірауыз жыылы сөз естімеді.

Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?

Сіз балаңызды осылай болып өскендігін қалайсыз ба?

            2.Он жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп анасына қатты ренжіді. Анасының ойынша, баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі, осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам анасы болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы керек.

Анасының іс-әрекеті дұрыс деп құптайсыз ба?

Баланың қандай құқығы бұзылды деп ойлайсыз?

4. Отбасы модель –топпен жұмыс

              1 . Жаттығу «Зат есім» (мозговой штурм)

—Өз отбасы жайлы есеп беруге ұсынамын. Шарты:1мин ішінде өз отбасы жайлы зат есіммен байланысты сөздер айтылу керек.

Талдау:Ең алғашқы қандай 3 зат есім айтылған?

Мысалы:Егер үй,бала,күйеуім деп болса -ол жақсы.

Жаттығу «Отбасы белгісі» (кішігірім топпен жұмыс)

Ата-аналар 4-5 адамнан жиналады.Отбасы бұл бекет,бұл бекетте біздің балалар өздерің қорғаныста сезеді.  Егер бекет бұзылса өздерін жамандықтан қорғайды.Бірақ бекет болу керек, қазір әр топ өз отбасын жаңа пайда болғанын  құрастырады. Одан кейін өз ұрандарын ойлап шығару керек.Орындау уақыты 3–5 минут.

Аяқтап болғаннан кейін өз жұмыстарын қорғайды.

5. «Отбасы заңы» жаттығуы (топпен жұмыс)

            —Ертеден келе жатқан әр отбасында өздерінде салт-дәстүрлер, мерекелер және  балаларды тәрбиелеу «заңы» қалыптасқан. Қазір әр біреулеріңізге отбасындағы салт-дәстүрлер туралы  айтуға болады.Барлығымыз қазір соның жағымды және жағымсыз жақтарын талдаймыз

Әр топқа текшеде жазылған заңдар мен, мақтау мен мадақтаулар болады. Мысалы:  Үлкенге құрмет, мадақтау т.б

Әр топ (отбасы) өздеріңнің отбасындағы маңызды заңдарын ұсынады. Содан соң талқыланады. 

6. «Бала кезімдегі  менің арманым.....»  жаттығуы"

            Мақсаты:Бұл жаттығу ата-аналарды балалық шаққа оралуға көмектеседі.

Қатысушылар бір-біріне доп лақтырып , мына сөйлемді аяқтайды «Бала кезімдегі  менің арманым.....» 

7. «Сыйлық» жаттығуы

Қатысушылар шеңберге тұрады.

Нұсқау:

Қазір біз бір-бірлерімізге сыйлық жасаймыз.жетекшіден бастап, әрқайсымыз пантомима арқылы бір затты жасап , оң жақта тұрған көршіңізге сыйлаңыз.(балмұздақ, гүл, кірпі т.б)

8. "Қандай ол-менің балам" ойны

            Ойынның міндеті, әр ата-ана өз баласы қандай екенің анықтау.Бұл үшін ата-аналар ұсынылған алақандарға өз балаларының қасиеттерің жазады.   Алақандар ватманға жабыстырылады.

Қорытыңдылау.көбінесе ата-аналар балаларына жақсы мінездеме береді, сондықтан балаларынан осы жақсы қасиеттерді көруге мүмкіндік береді, сонымен қатар баланы табысқа итермелейді.

9 . Қорытынды: «Ата-ана мейірімі» жаттығуы

            Ватман ортасында шуақсыз күн бейнеленген. Әрбір ата-ана менің сұрағыма жауаптарыңды кін шуақтарына жазасыз: «Сіз балаңызды қалай еркелетесіз?» мысалы : «Мен өз баламды жылы сөздермен еркелетемін, құлыным,балапаным  деп», «Аспандағы жұлдызымсын»,  «Мен қызымды күніне 7-8 рет құшақтаймын, өйткені бұл оған маңызды екенің білемін»

10.  «Шеңбер бойынша шапалақ» жаттығуы

            Сіздер белсенді қатысып, жақсы ойнадыңыздар. Әрбіреулеріңіз шапалаққа ие болдыңыз. Қазір біреулеріңіз бастап, келесі адамға көзіне қарап, шапалақ  көрсетіңіз. Осы екі адам келесі адамға барып, сол кісіге қошемет көрсетеді. Осылай  жалғаса береді.

                                                                                                  Мектеп психологы: Амринова Г. Т